Алматыда қаңғыбастар үшін әуежайдағы орындықтарды алып тастаған

Алматыдағы халықаралық әуежайда орындықтарды алып тастаған. Әуежайдағылар мұның себебін түсіндіріп берді. Оған тұрақты мекен жайы жоқ жандар мен таксистер себеп болған көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Сурет: Facebook/Ирина Смирнова

Facebook желісінде Ирина Смирнова есімді қолданушы әуежайда шабаданның үстінде отырған жолаушылардың суретін жариялап, ғимаратта орындықтардың алынып тасталғанын айтты.

«Біздің Алматыдағы әуежайда өзгеріс. Күту залындағы барлық орындықты алып тастаған. Халықаралық стандарт дейді. Білмеймін. Көптеген елде болдым. Барлық жерде отыратын орындық бар. Ал егер рейс кешіктірілсе ше? Клиенттерге жағдай жасау қайда?» - деп жазды ол. 

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайдың жалпы аумағына кез келген адам кіре алады. Осылайша, жолаушылар мен шығарып салушыларға қолайлы болуы үшін, әуежай басшылығы күту залында әуежайға және әуе компаниясына қатысы жоқ адамдардың болуын шектеуге тырысуда. 

Сонымен қатар баспасөз қызметіндегілер аталған шара халықаралық тәжірибеде бар екенін атап өтті. Адам әуежайға келіп, бірден тіркелуге барады. Артынша ұшаққа отырғанға дейінгі уақытты ұшу аумағында өткізеді. 

«Орындықтарды расында да алып тастадық. Алайда тек бірінші және екінші қабаттардағы жалпы аумақта. Бұл кез келген адам кіре алатын аумақ. Онда жолаушылар мен шығарып салушылардан басқа, таксистер мен тұрақты мекен жайы жоқ адамдар кіре алады. Ал оларға жиі шағымданып жатады. Шұлығы таза емес ер адамдар жатады... Жолаушылар рейсті, клиенттерді күтіп отыратын таксистерге де шағымданады», - дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі жолаушыларды тіркеу аумағындағы орындықтардың алынып тасталмағанын жеткізді. 

«Тексеруден өтіп, тіркелген жолаушылар ұшаққа отырар алдындағы уақытты қолайлы жағдайда өткізе алады. Наразы болған адамдар бар. Алайда көбі рейске алдын ала, онлайн тәртіпте тіркелуге болатынын ұмытып кетеді. Әуежайға ерте келіп, жүкті өткізіп, қолайлы жағдайда рейсті күтуіне болады. Шағымдарды ескеріп, осылайша әуежайда жолаушыларға қолайлы жағдай жасағамыз келді. Мұнан әрі аумақты оңтайландырудың жолдарын қарастырамыз. Мүмкін тіркеу аумағын кеңейтетін шығармыз», - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Әуежайдың баспасөз қызметі рейс кешіктірілген жағдайда әуе компаниясына жүгініп, мұндай жағдайда жолаушыларға қандай қызмет көрсетілетінін білуге кеңес берді. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Өлімнің себебі айтылмады

50 миллионды қолды қылған: Алматыда 33 жастағы келіншек алаяқ болып шықты

Құйтырқы әрекетін ол тұрғынүй инспекциясының алдында жүріп жасаған екен

Ресейде зорланған қазақстандық қыздың оқиғасына қатысты жаңа деректер анықталды

Қазіргі уақытты 3 полиция қызметкері күдіктеліп отыр

Спортшылар қанша табыс табады: Хабиб Дастин Порьемен жекпе-жек өткізеді

Айқас Біріккен Араб Әмірлігінде өтпек

Ерлі-зайыпты көлден екі аузы бар балық аулады

Олар балықты суретке түсірген соң қайта суға жібере салды

Суға батқан қыздың әруағы жүреді: Қуыршақтардан тұратын әлемдегі ең қорқынышты мекен анықталды

Аңыз бойынша, аралда өмір сүрген адам суға батқан қызды құтқара алмаған

Қазақстанда атаулы көмек алатын 70 мың отбасы қайта тексеріледі

Сапарбаев: 300 мың жалақы алатындар құжатқа 40 мың жалақы аламыз деп көрсетеді

Атыраудағы драма театры толықтай кәсіпкерлердің есебінен қалпына келтіріледі

Комиссия өрттен болған нұқсанның нақты көлемін анықтап жатыр

Жәкішевтің апелляциялық сот отырысын тағы да кейінге қалдырды

Бұған дейін апелляциялық сот 27 тамызға ауыстырылған еді

"Парашют ашылмай қалды": Алматы облысында тікұшақтан секірген әскери қызметкер көз жұмды

Әскери қызметкер қосымша парашютті қолданбаған
Çàãðóçêà...