Алматыда қаланың жаңартылған Бас жоспары жобасы бойынша көпшілікпен кеңеседі

Алматыда қаланың жаңартылған Бас жоспары жобасы бойынша көпшілікпен кеңеседі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың бас сәулетшісі Алмас Жанбыршы осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Алматының Бас жоспарына түзету енгізу – қаланың өсу қарқыны мен жаңа сын-қатерлерді көрсететін стратегиялық маңызды қадам.
"Мемлекет басшысының Бас жоспарға жедел өзгеріс енгізу туралы тапсырмасы бойынша біз қоршаған ортаны қорғауды күшейтіп, қалалық ортаны дамытып, аймақтарды қайта бөлу арқылы тау бөктерін ретсіз құрылыстан қорғауды көздейтін біраз жұмыс бітірдік", – деді сәулетші.

Жаңартылған Бас жоспар жобасы бойынша қоғамдық тыңдау биылғы жылдың 24–26 желтоқсан күні өтпек. Өтетін уақыты мен орнын қала тұрғындарына алдын ала хабарлап айтады.
"Әр алматылық өз ауданының қалай дамитынын білуі үшін жобамен таныса алады: қай жерде мектеп, жол, емхана, саябақ салынатынын, сондай-ақ салынуы мүмкін құрылыс жөнінде алдын ала біле алады. Бұл тұрғындарға баспанаға қатысты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Әр адам пікір білдіре де алады, оны міндетті түрде ескереміз", – деп атап өтті Алмас Жанбыршы.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген