AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" атты митинг қалай өтті

Алматы қаласында қалалық “AMANAT” партиясы филиалының ұйымдастыруымен келісілген митинг өтті. Ұйымдастырушылардың сөздерінше, митингтің негізгі мақсаты – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдау, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым академиясы ғимаратының артында құрылған шағын сахна құрылған. “AMANAT” партиясы ұсыған деректерге сәйкес, митингке 2000-ға жуық адам қатысқан.митинг

Жиылған жұрт алдына шығып сөз сөйлегендер қатарында ақын Жанарбек Әшімжанов, Парламент мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым мен Саясат Нұрбек, журналист Сергей Пономорев, маслихат депутаттары мен партияның өзге де өкілдері болды. Олар президент жариялаған саяси реформаның маңызы мен мәнін атап өтіп, ел мен халықты бірлікке шақырды. Сондай-ақ “ЖАҢА Қазақстанды” құру жолында аянбай тер төгу керегін атап өтті. 

митинг

“Біз бүгін үлкен өзгерістер алдында тұрған елміз. Біздің қоғам тек бүгін өмір сүріп жатқан жоқ. Қоғам – бізден кейін де өмір сүретін барша қазақтың қосындысы. Біздің аманат ата-баба алдында да, ұрпақ алдында да бірдей”, – деді Айдос Сарым. 

митинг

"Бір күн ұрыс болған жерде – қырық күн ырыс болмайды" деген сөз бар. Күні кеше көңілді толқытқан Қаңтар қасіреті бізді жаңа үлгіге бастау керек. Сол күндері барлығымызды сүріндіріп, көзімізге жас келтірген жағдай кімнің қолымен жасалды, кімдер үшін жасалды? Мұның барлығы жаңаруға, жасампаздыққа, трансформацияға көшкен қазақ қоғамын көре алмай, соған кедергі келтіру үшін жасалған қадамдар. Сол күндері Amanat партиясы фракциясының мүшелері сизоларда болып, қамалғандардың, қара жамылған адамдардың жағдайымен танысып оларды елге, тиісті органдардың алдына жеткізуге күш салды, – деді ақын Жанарбек Әшімжанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр