Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда газ жарылды: Бір науқас ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды

Алматының Жетісу ауданындағы тұрғын үйде болған газ жарылысы салдарынан жарақаттанған бір адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер қателесіп, тірі науқасты өлді деп мәлімдеген
«Жағдайы өте ауыр болған 1983 жылғы ер азаматтың таңертең жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер науқасты аман алып қалуға қауқарсыз болды. Оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.Естеріңізге сала кетейік, науқастың денесін 100 пайыз күйік шалған, ол дерей жан сақтау бөліміне жеткізіліп, жасанды тыныс алу апаратына қосылған еді», - делінген Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Бұған дейін Алматы қаласында Жетісу аудандынындағы жекеменшік үш қабатты тұрғын үйде газ жарылды деп айтылған болатын. Салдарынан 4 адам жарақат алған. 

Талқылау