Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда есін жоғалтқан науқастың туыстары іздестірілуде

Алматылық дәрігерлер есін жоғалтқан науқастың туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз әйелді маусымның соңында ес-түссіз күйін жедел жәрдем ауруханаға жеткізген. Ешқандай құжаты болмаған. Әйел өзінің атын ғана біледі.

"Сауалнама кезінде науқас өзін Айнұр Балманова деп атады. Жасын білмейді. Туыстары бар ма деп сұрағанда, ата-анасының көз жұмғанын айтты", - деді Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың неврология бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Күнсұлу Жұмабаева.

Егер әйелдің туыстары немесе таныстары табылмаса, ол оңалту орталығына жіберіледі. Дәрігерлердің айтуынша, науқас шамамен 40-45 жаста, ол әрдайым үнсіз отырады және ештеңе есінде жоқ. Бастапқыда ол өздігінен қозғала алмады, өйткені өте әлсіз еді. Әйелді та-ныған адамдардың барлығы дәрігерлермен байланысуына болады: 8-777-806-08-15

Талқылау