Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда меценат қиратылған "Айдаһар" мозайкасын қалпына келтіреді

Алматыда танымал "Айдаһар" мозайкасын қиратып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Владимир Твердохлебовтің Thai мейрамханасының қабырғасында бейнеленген "Айдаһар" мозайкасын бұзып тастады. Мейрамхана ғимараты Достық - Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан.

Қоғамдастық белсенділерінің айтуынша, өнер туындысы 2002 жылдан бері қаланың көркін келтіріп тұрған.

Владимир Твердохлебов - "Зодиак" фонтаны, "Алматы" қонақ үйіндегі панно, Ғылым академиясындағы витраждар және басқа да бірегей жұмыстардың авторы.

Ғимараттың жаңа иелері суретшіге мозайканы сақтауға уәде берген, бірақ сөзінде тұрмады. Оның орнына ағаш егеді екен. Осылайша, олар ауқымды қайта құру жұмыстарын жүргізбек.

Мозайка авторы оны қайта жөндеуге және сақтауға болатынын мәлімдеген.

Қираған панноны қалпына келтіруге қаражат бөлуге дайын демеуші де табылып тұр.

"Кеше таңертең біреу өз бетінше және ақшасына мозаиканың сақталған панельдері мен сынықтарын алып кетті. Ол мейрамхана иелерімен сөйлесіп, алып кетуге келісті. Ол суретшімен де байланысып, мозайканы мүмкіндігінше қалпына келтіруге көмектесуін өтінді. Бұл адам атын атамауды қалады. Мозайканы қалпына келтіре алса, ол оны адамдар келуіне болатын жерде орналастыруға уәде берді", - деді қоғам белсенділері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр