Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда электросамокатпен серуендеген жас жұбайларға жұрт сүйсінді

Алматы қаласында той алдында жас жұбайлар электросамокатпен серуендеді. Бұл туралы видео Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрда жаңадан той көйлегін киген қызбен жігіт қала көшесінде электросамокатпен серуендеп жүр. Ал олардың соңынан күйеу жігіт пен қалыңдықтың достары ілескен. 

 

Постқа пікір қалдырған желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, олардың бұл қадамдарына сүйсінгендерін білдірді.
 

Талқылау