Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам жарақат алды
Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апатын 6 алты адам жарақат алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: tengrinews.kz
Алматы полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 08:30-да болған. №31 бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған №116 SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан.
"Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам жарақат алған. Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері Жол апаты өндіріске қабылдады", - делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген