Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда бүлдіршін конфеттің кесірінен көз жұма жаздады

Алматыда дәрігерлер кәмпитке қақалған баланы құтқарып қалды. Ата-анасы ұлын аман алып қалған дәрігерлерге алғысын білдірді. 

Қалалық денсаулық басқармасының мәліметінше, оқиға 19 шілде күні болды. Конфет баланың тамағына тұрып қалды. Бала тұншығып, есінен танып қалды. Анасы жедел жәрдемді күтпестен баласын ауруханаға ала жүгірді. 

Баланы құтқаруға фельдшер Сализ Дулазов пен дәрігер Назым Күшікбаева ұмтылды. Балада ессіз күйдегі механикалық асфикция болды. 5 минут ішінде алғашқы көмек көрсетілді. Баланың тамағынан зат алынып тасталған соң тыныс ала бастады. Кейін есін жиды. Бүгін Аида Барлыбаева мен ұлы Әли дәрігерлерге алғыс айтуға келді. Оқиғадан соң Әлиді Педиатриялық жедел медициналық көмек орталығының дәрігерлері қарады.

"Үйде ұлым болған. Мен дүкенге шығып кеттім. Келсем тамағында конфет тұр. Оны өзім ала алмадым. Емханаға жүгірдім. Дәрігерлер дереу алып берді. 5 минут ішінде құтқарды. Басқа аналарға балаларына қатты конфет бермеуге кеңес берер ем. Көп жағайда аналары балаларын құтқара алмай қалып жатады. Ұлымды аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды айтамын", - дейді Аида Барлыбаева. 

Талқылау