Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда белгісіз біреу заңгерді пышақтап өлтіріп кеткен

Алматыда 42 жастағы әйелді белгісіз біреу пышақтап кеткен. Ол ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пышақ

Полиция мәліметінше, 1980 жылы туған әйел жақын маңдағы ауруханалардың біріне көптеген пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Алайда 12 қазанға қараған түні көз жұмды. 

"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.

Назархан Уән
Бейсенбі, 13 Қазан, 2022 11:13