Алматыда барда атыс болғаны туралы ақпарат тарады: Полиция қылмыстық іс қозғады
Желіде Алматыда 22 желтоқсан күні BarLand барында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Полиция оқиға бойынша күдіктілердің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұзақылық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
“Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа жағдайлар анықталуда",-деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Желідегі деректерге сүйенсек, оқиға таңертеңгі сағат 4:34 шамасында болған.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді