Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда автобустар соқтығысқан: 4 адам зардап шекті

Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Әуезов пен Шевченко көшелерінің қиылысында болған жол апаты туралы бейнежазба пайда болды. №22 және №119 бағыттағы екі автобус соқтығысқан. Куәгердің айтуынша, жол апатынан кейін жолаушылар есеңгіреп қалған. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 10 ақпан күні таңғы сағат 9-да Алмалы ауданында болған.

"Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, Әуезов көшесімен солтүстікке қарай келе жатқан 22-бағыттағы автобустың жүргізушісі сол бағыттағы аялдамада тұрған 119-бағыттағы автобуспен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан, қоғамдық көліктің төрт жолаушысы медициналық көмекке жүгінуде", - деді полиция.

Дана Русланқызы
Жұма, 10 Ақпан, 2023 19:43