Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда актриса көз жұмған жол апаты: Сотталушының жұбайы оның апат кезінде мас болмағанын айтты

Күні кеше Алматы қаласының орталығында орын алған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот отырысы қтті. Сотталушы Ілияс Кардың жұбайы оның мас болғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда актриса көз жұмған жол апаты: Сотталушының жұбайы оның апат кезінде мас болмағанын айттыАльбина Меньянованың сөзінше, 2018 жылдың 28 желтоқсанында ол күйеуімен және өз фирмаларының қызметкерлерімен жаңажылдық мерекені «Дархан» мейрамханасында атап өткен. Олар әрі қарай Grand Operа-дағы караокеге барып, кешті жалғастырыпты.

«Корпоративтен кейін біз қыздармен Gelandewagen-мен караокеге кеттік. Ілияс мен қалған адамдар таксимен келді. Біз көңіл көтеріп, ән айттық. Ішімдік болды, бізге екі шөлмек арақ алып келді. Мен біреуін қайтарып бердім. Артынша қонақтар сыраға, коньяк, вискиге тапсырыс берді. Бәрі тарағаннан кейін мы шотты төлеп, шықтық. Мен, күйеуім және оның туыс ағасы Кәрім жұбайымен болды. Көшеде Ілияс екеуіміз аздап ұрысып қалдық. Ол ашуланып, көлікке отырып, кетіп қалды», - дейді ол.

Әйелдің сөзінше, сол кеште бәрі ішімдік ішкен. Алайда өзі және күйеуі ішімдіктен ұрттамапты.

«Мен өмірімде 2-3 рет қана ішімдік ішіп көргенмін. Ілиястың ішімдік ішпегеніне 6-7 жыл болды. Оның бойынан онкологиялық дерт табылған еді. Қабырғасында ісік бар боп шықты. Оған екі ота жасалды. Сондықтан дәрігерлер ішімдікке тыйым салған. Біздің отбасыда ешкім ішпейді», - дейді ол.

Алайда қайтыс болған такси жүргізушісі Бақытнұр Құнапияұлы мен зардап шеккен Айзада Сатыбалдының күйеуі сотталушының туыстарының жауабымен келіспеді.

«Біз бұл куәгерлердің жалған жауабын 3 сағат бойы тыңдадық. Біріншіден, неліктен олар мейрамханадан кетіп, караокеге барғанда ішімдік ішпеген жүргізушіге тапсырыс берілді? Ал олар ішімдік ішпегенін, көлікті өздерінің жүргізе алатындарын айтып отыр. Артынша оларға мейрамхана әкімшісі джипті алып келді. Екіншіден, егер Ілиясов ішімдік ішпесе, оның жұбайы неліктен арақтың екінші шөлмегін қайтарып берді? Басқалары жақсы іше ме? Мұнда қайшылықтар көп», - дейді Айзада Сатыбалдының күйеуі.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау