Алматыда Есімов басқарған тұста құны 7 миллиард теңге болатын заңсыз берілген жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз алынған жер учаскесін мемлекетке қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2014 жылы Алматы шекарасын кеңейту кезінде облысқа кірген жер учаскелерінің бір бөлігі қала құрамына еніп кеткен.
"Мысалы, Алматы облысы Қарасай ауданындағы 30,9 га жер учаскесін "Халықаралық клубтар қауымдастығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін алған. Алайда жер учаскесінің кадастрлық құнын төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған", – дейді прокурорлар.
Прокуратураның талап-арызы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, сол жылдары Алматы қаласын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Ахметжан Есімов басқарған.
Талқылау