Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары 2023 жылдың соңында аяқталады – Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

абай

Әкімнің сөзінше, жолды ұзарту жұмыстарын 2023 жылдың соңына дейін жүргізіледі. 

"Қазір жерді алу және сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар осы айда Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен бастап қала шекарасына дейін созу үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады деп күтіледі", – деді ол Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында. 

Әкімдік мәліметіше 2022 жылы Ақжар шағынауданынжа 10 шақырым жол мен 8 шақырым тротуар салынған. Алдағы уақытта Ақжарда мен Шұғыла шағынаудандарында 20 көше бойынша 16,4 шақырым салыну жоспарланып отыр.

Назархан Уән
Жұма, 17 Ақпан, 2023 10:10
Талқылау