Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматыдан 278 және 279 км қашықтықта екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші жер сілкінісі 27 ақпан күні Алматы уақытымен 03 сағат 42 минут 15 секундта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілмеді.
Сондай-ақ, 05 сағат 58 минут 05 секундта тағы бір жер сілкінісі тіркелді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.
Алматыда жерасты дүмпуі сезілген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген