Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы ҰҚК департаментінің басшысы болып Марат Ирменов тағайындалды

Бұрын Алматы ҰҚКД бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген Марат Ирменов Алматы ҰҚК департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


2016 жылға дейін ол Алматы ҰҚКД бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. 2016 жылдан 2020 жылға дейін Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД басшысы болды. Ирменов 2020 жылдан бастап Жамбыл облысы ҰҚКД қызмет атқарды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтының ақпараты бойынша, Ирменов бұл лауазымда Нұрлан Мажиловты алмастырған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қаңтар, 2022 11:18
Талқылау