Алматы тұрғыны өзенде жүзіп жүрген біртүрлі жаратылысты видеоға түсіріп алды (видео)

Алматы тұрғындары Есентай өзенінде жүзіп жүрген үлкен «құртты» видеоға түсіріп алды. Біртүрлі жаратылыс тұрғындарды қайран қалдырды.

Алматы тұрғыны өзенде жүзіп жүрген біртүрлі жаратылысты видеоға түсіріп алды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды. 

«Айтарлықта үлкен «құрт». Шамамен он сантиметр болатын шығар», - дейді видео авторы Сергей Шипулин.

Видео кадрларынан жұмбақ жаратылыстың суда жүзіп жүргені көрінеді. 

Биолог Ирина Үмбетәлиева аталған видеоны көріп, ондағы тіршілік иесін сүңгуір қоңыздың дернәсілі болар деп топшылады. Аталған жәндік құрттардың қатарына кірмейді. Алайда биолог видео кадрлары арқылы ғана жәндік туралы нақты ақпарат бере алмайтынын айтты. 

«Қозғалысы мен жағы соған сәйкес келеді. Алайда мұнан толық ақпарат айту қиын», - дейді биолог.

Сүңгуір қоңыздың дернәсілінің мөлшері 10 сантиметрге дейін жетеді. Ал ересек түрінің ұзындығы 5 сантиметрге дейін жетеді екен. Әдетте бұл жәндіктер суы тоспа суларда мекендейді. Алайда кейде ағысы қатты өзендерде де тіршілік ете алады. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...