Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Алматы тұрғыны Хангелді Жұмабаев аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақат алған. Айтуынша, ол троллейлік саябақта жарақаттаныпты. Сондай-ақ, ер адам өзіне ештеңе түсіндірілмегенін, тежегіш жүйесі істемей қалғанын айтып отыр.

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Арқан жолымен түсемін деген Хангелді Жұмабаев ақыры жарақаттанып тынған. Аттракционда қатты жылдамдықпен келе жатқан ер адам қону аумағына арқасымен соғылып, жердегі матрасқа жамбасымен соғылған. Осы жағдайдан кейін ол таяқпен жүруге мәжбүр.

«Жерге түсер кезде мені тоқтатуы тиіс болған арқанның көмегі болмай, ол істемей қалды. Сонымен қатар мен матрастың үстіне түсуім керек еді. Ал матрас жоғары орналсқан. Мен одан төменірек келе жаттым. Салдарынан ағашқа соғылдым», - дейді Хангелді Жұмабаев.

Зардап шеккен ер адамның сөзінше, ол аттракционға отырар алдында нұсқаулық берілмеген. Ал медициналық пунктіде екі құжатқа қол қойыпты. Бірінде медициналық көмек алғаны туралы жазылса, екіншісінде не жазылғанын оқымаған.

Оқиға орын алған курорттағылар ер адамға тиісті нұсқаулық берілгенін айтып отыр. Келушілер онсыз арқан жолына жіберілмейді, дейді. Сонымен қатар журналда Жұмабаевтың қолы қойылған.

Саябақтағылардың айтуынша, бастапқыда ер адамның сүйегі сынғаны туралы сөз болмаған. Дәрігерлер оның денесін зақымдағанын ғана растапты.

«Ол қарапайым қауіпсіздік техникасын сақтамады. Бұрылып қалып, матрасты аяғымен іліп кетті. Ал тежегіш істен шықпаған», - дейді курорттың бас директоры міндетін атқарушы Владимир Фоменко.

Ендігі екі тарап бір-бірін сотқа бермек ниетте. Зардап шегуші денсаулығына келтірілген залал туралы, ал компания беделіне нұқсан келтіргені үшін арызданбақ.

Талқылау