Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы тұрғыны 2 млрд теңгені заңсыз қалтасына басты

Алматы тұрғыны заңсыз ақша шығарып алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы мониторингінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қылмыстық қызметпен айналысқан Еремееваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

ҚР ҚҚА баспасөз қызметі тергеу бойынша, Еремеева 2019 жылдың аяғынан 2020 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асатын бастапқы бухгалтерлік құжаттарды жасап беру арқылы салық төлеуден жалтару бойынша қызметтер көрсеткен.

Қылмыстық әрекеттер оның бақылауындағы алты компания арқылы материалдық сыйақы үшін жүзеге асырылды.

 

Талқылау