Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда риэлтор үйлерді арзан сатамын деп жұртты алдап келген

Алматы тұрғындарына тұтқындалған пәтерлерді банк арқылы алып беремін деп көмек көрсетпекші болған әйел адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Риэлтор атын жамылып Алматы тұрғындарын алдап соққан
1989 жылғы азаматша банк қызметкерлерімен байланысым бар, үй алуға көмектесемін деп адамдарды алдаған. Қазіргі таңда ол тергеуге алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  К. ханымға қатысты 9 қылмыстық іс бойынша жала жабылды.

«Пәтердің қолжетімді құны мен адамды көндіре алу қабілеті айыптының қолданған басты айласы. Бір күнге жалға берілетін пәтерге адамдарды апарып, өз үйі ретінде таныстырған әрі өзіне сенім артуға болатынын осылай дәлелдемекші болған. Әлбетте, ондай жақсы жабдықталған үйді көріп, сатып алушылар одан сайын қызыға бастайды. Жеке консультация үшін ешкімнен ақша алмаған, келісім жасасқаннан кейін соңында аламын уәделеседі. Осылайша оның «құрбандарының» ойында ешбір күмән тумаған. Барлығы заңды деп сендірген. Сатып алушылардан банк комиссиясы, басқа шығындарға деп пәтер бағасының 20%-н алдын-ала алып отырған. Адамдар жақсы бағамен пәтер аламыз деп оған сеніп қомақты қаржысын беріп табыстаған.  Өкінішке орай, біреуге үй алып беру К. ханымның ойында жоқ еді. Басында уақыт созып жүреді, кейін мүлдем қоңырауға жауап бермейді. Азаматтар пәтерге қатысты қандай да бір жағдай болмасын банктің өзіне барып кеңессе, осындай алаяқтықтың құрбаны болып отырмас еді», - дейді баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 190 б., 3 б. екі немесе одан да көп адамға алаяқтық жасады деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматы тұрғындары арасында дәл осы әйелдің алаяқтық әрекетіне арандатылып қалған азаматтар болса, төмендегі нөмірлерге хабарласуына болады: 8-707-515-47-35; 8-701-852-60-94.

Талқылау