Алматы тауларында 63 жеміс ағашын заңсыз кескендер 3 150 көшет егуге міндеттелді
Алматыда Нұрлытау шағынауданында 63 жеміс ағасын заңсыз кескендер 3 150 көшет егуге міндеттелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тексеріс кезінде жеміс ағаштарының арнайы рұқсатсыз кесілгені анықталыпты.
"Осыған байланысты тексеріс актісі толтырылды. Заңсыз әрекеттен келген залал 1 060 АЕК (3 657 000 теңге) деп белгіленді. Сонымен қатар мұндай жағдайда кінәлі азамат өтем ретінде көшет егуге міндеттеледі. Бұл жағдайда өтем көлемі 3 150 ағаш және биіктігі 2,5 метрден кем болмауы керек", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, аталған дерек бойынша әрі қарай шара қабылдау үшін Алматы полиция департаменті мен мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына хат жолданған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген