Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы ортасында қала тұрғындарын митингіге шығуға шақырған бірнеше адам ұсталды

Алматы орталығында қала тұрғындарын митингке шақырған бірнеше адам ұсталды. Митингіні өткізу Әблязовтың ойы болған. Оның жақтаушылары көлік қозғалысына кедергі келтіруді жоспарлады. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

фото: Tengrinews.kz

Полиция қызметкерлері оларды "Астана" алаңынан алыс емес жерде, Орталық стадионның маңайында тұтқындады. Осыған дейін Бас прокуратура қазақстандықтардан заңдылықты сақтауды, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуды сұраған еді.

Ал талап қашқын олигарх Мұхтар Әблязов елімізде тыйым салынған ҚДТ ұйымының мүшелерін қаладағы көлік қозғалысына кедергі келтіруге шақырған. 

 фото: Tengrinews.kz

Естеріңізге сала кетейік, ол Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бүгінгі таңда олигарх пен оның серіктестеріне қарсы сот Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Ұлыбританияда, АҚШ пен Францияда, басқа да юрисдикцияларда жүріп жатыр. 

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр