Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тұрғыны 79 жастағы туысын гір тасымен ұрып өлтірген

Алматы облысында полиция қызметкерлері 79 жастағы зейнеткердің өлімін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының сөздерінше,  қартты 16 килогаммдық гір тасымен ұрып өлтірген. Қылмыскер мәйітті жасыру үшін оны көңнің астына көміп қойыпты. 18 қараша күні Ескелді аудандық полиция қызметіне Бақтыбай аулыны тұрғыны өзінің туыс ағасының жоғалып кеткендігін, үйінде қанның іздері қалып қойғандығын айтып, хабар берген. 

«Әйелдің күдігі бақшада жиналып тұрған көңнің астында мәйіт табылғаннан кейін расталды. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен сол үйдің 63 жастағы басқа тұрғыны қамауға алынды. Қылмыстың нышаны ретінде үйде табылған 16 килогаммдық гір тасы танылып, оны заттай айғақ ретінде полиция бөліміне жеткізді», - делінген ПД-нің баспасөз хабарламасында. 

Сот алды тергеу ісі ҚР ҚК-нің 99-шы «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілуде. Күдікті қазіргі уақытта темір торға қамалған. 

«Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады. Қолда бар ақпарат негізінде қылмыстың себебі ретінде екіер азаматтың арасындағы арақ ішіп отырған кезінде орын алған жанжал деп айтуға болады. Тексеріс барысы облыстық департаменттің бақылауына алынды», - деп қосты баспасөз-қызметі. 
 

Талқылау