Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

Фото: Ru.freepik.com
Алматы облысының егіншілері мен фермерлері мегаполис тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады. Сауда сөрелеріне ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидек, бал, күріш, жұмыртқа және аймақтан өндірілген өзге де тауарлар шығарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қазанның 18–19 күндері Алматы қаласында, Қазыбек би көшесінде (Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін, КБТУ төменгі жағында) өтеді. Бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін сапалы әрі табиғи өнімдерді нарық бағасынан 15%-ға арзан сатып алуға тамаша мүмкіндік болмақ.
Жәрмеңкеге жалпы 16 тонна ет, 1,6 тонна сүт өнімдері, 18,6 тонна картоп, 19,5 тонна пияз, 36,2 тонна түрлі көкөніс, 6 тонна күріш, 3,3 тонна бал, 26 тонна алма мен жеміс-жидек, сондай-ақ 50,5 тонна басқа да өнім жеткізіледі.
Іс-шара Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Жәрмеңкенің басты мақсаты:
- Отандық өндірушілерді қолдау;
- Ішкі нарықты дамыту;
- Тұрғындарды қолжетімді әрі сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген