Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында миллиардтаған қаражатқа салынып жатқан спорт кешені опырылып қалды

Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан құлап қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды. Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

"2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі", - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нурахунов нысанның бір темірі ғана құлады деп мәлімдеді, деп хабарлайды Nege.kz.

"Ертең мамандар келіп, сараптама жүргізеді. Түстен кейін бір темір сынғаны рас. Және ол толық құлаған жоқ, тек бір жағынан төбесі құлап түсті. Мен өз көзіммен көрдім - 40х25 бір ғана залдың төбесі құлады. Нысанның тапсырыс берушісі - Алматы облысының құрылыс басқармасы. Олар нақты ақпарат беретін болады", - деді Шухрат Нурахунов.

Алматы облысының құрылыс дирекциясының өзі де үнсіз. Бөлім бастығы Дәурен Жолжанов спорт кешенін "Лидер-НК" компаниясы салып жатқанын, оның басшысы Марат Қуанышбаев екенін атап өтті.

Талқылау