Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы Іле өзенінде су деңгейі көтеріліп, елді мекендерге қауіп төндірмек

Іле өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі Алматы облысындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Мамандар су тасқыны болуы мүмкін деп болжайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, 29 желтоқсанда Іле өзенінің Капшагай ГЭС-інен 164 шақырым жоғары орналасқан гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі тіркелді. Қазір су деңгейі 486 см-ге жетіп, қауіпті деңгей саналатын 500 см-ге жақындап қалды.

"Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзеннің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендер, шаруашылық ғимараттар мен жергілікті маңыздағы жолдарды су басу қаупі бар", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда табиғи апаттардан сақтандыру қоры құрылатыны туралы жазған едік. Еліміз АҚШ, Түркия және Жаңа Зеландияның табиғи апаттардан сақтандыру қорларын құру тәжірибесін зерттейді "Астана" халықаралық қаржы орталығы сақтандыру табиғи апаттардан болатын қаржылай шығындарды азайта алады деп есептейді. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 30 Желтоқсан, 2024 08:42