Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушілері жалақысын көтеруді талап етті

Алматы облысында жедел жәрдем жүргізушілері жалақыларын көтеруді талап етіп, үндеу тастады. Бұл туралы Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жедел жәрдем жүргізушілері  өздерінің жалақыларын не үшін қысқартқанын, ұстап қалу себептерін, жұмысшылардың кейбір қарыздары туралы сұрады. 

Сондай-ақ, өтемақы, "ауылдық" төлемдердің болмауы және қызметкерлерге демалыс беру туралы наразылықтарын жеткізді. 

Олар өз өтініштерін денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолдады.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы осы мәселеге қатысты тез шешуге тырысатынын мәлімдеді. 

"Олар науқастарды көмексіз қалдырмау үшін ереуілге шыққысы келмейді. Жоғарыда аталған мәселелерді тезірек шешуге үміттенеміз. Аталған факті бойынша Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Еңбекақыны есептеу тетігі жеткізілді, сондай-ақ еңбек инспекциясының өкілі қатысты. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар берілді, сондай-ақ жалақыны төмендету (қызметкерлер бойынша есептеу жүйесі іріктеліп көрсетілді) қызметкерлер тарапынан шағым жоқ екендігі түсіндірілді", - деп мәлімдеді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы өкілі. 

Талқылау