Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында су тасыған дәрігерлердің суреті желіде қызу талқыланды

Алматы облысының Жаңатұрмыс кентіндегі су таситын көліктегі дәрігерлердің фотосуреттері желі оқырмандарын таң қалдырды. Суреттер Instagram-пабликтердің бірінде пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеп хабарлайды. 

"Дәрігерлер су тасымалдаушыдан су алудың орнына адамдарды емдеуі керек!"- деп жазды ашуланған оқырмандар. 

Желіге салынған жазбада Қарасай ауданының Жаңатұрмыс ауылында көп жылдан бері су жоқ, жергілікті мектеп пен ауруханада су таситын көліктен су алуға мәжбүр екені айтылған.

Тұрғындар үш күннен бері суға зәру. Өйткені 6 мың халқы бар ауылға бір ғана су тасушы бар. Ауыл тұрғындары су мәселесі жылдан жылға жалғасып жатқанын айтады. Тек қыста ғана судан таршылық болмайды.

"Жаңатұрмыс ауылында сумен жабдықтауды тоқтатудың себебі таулы аудандарда қар көп еріп, жауын-шашын жаууымен байланысты. Бұл судың ластануына әкеледі. Сумен жабдықтау желілерін бітемеу үшін су беру уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта халыққа су беру қайта басталды", - деп хабарлады Қарасай ауылы әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда сел тасқынының қаупі бар екендігі атап өтілді. Бұл жағдайда сумен жабдықтауды өшіру қайталануы мүмкін. Сондықтан халыққа су жинау қажет.

Талқылау