Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өзенге құлап кеткен 14 жастағы қыздың өлі денесі табылды

Алматы облысындағы Қаратал өзеніне құлап кеткен 14 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Ол 5 маусымда інісі және сіңлісін ертіп серуенге шыққан деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

өзенАлматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қыздың денесі 10 маусымда өзі құлаған жерден ұзақ емес аймақта табылған. Өзенге құлаған уақытта оның аяғы екі тастың ортасына қыстырылып қалған. 

Өзенге құлап кеткен қызды іздестіруге 250-ге жуық адам жұмылдырылған. 

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға суға баланы жалғыз жібермеуге және қауіпті делінген жерде шомылмауға ескерту жасады. 

Талқылау