Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кәсіпкер салық төлемегені үшін 5 жылға сотталды

Алматы облысында салықтан жалтарды деп айыпталған кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг комитеті салық төлеуден жалтару фактілерін облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтағанын айтты.

Құқық қорғау органдары кәсіпкер басқаратын бірнеше компанияның жалған болып шыққанын, сондай-ақ салық есептілігіне енгізілген құрылыс-монтаждау жұмыстары туралы мәліметтердің жалған екенін анықтаған.


Кезексіз алған: Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйін босатуға мәжбүр


"Кәсіпкер салық салу және басқа төлемдер объектілерін жасыру арқылы кірістер мен шығыстар туралы мәліметтерді әдейі бұрмалады. Мемлекетке салықты және бюджетке төленген міндетті төлемдерді төлемеу түрінде 1 миллиард 635 миллион теңге залал келтірді", - деп атап өтті комитеттің баспасөз қызметі.

Анықталған фактілер бойынша тергеу қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 245-бабына сәйкес жүргізілді.

Күдіктіні сот 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен, сондай-ақ 3 жыл мерзімге мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан айырумен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты.

Еске салақ, экономист Арман Байғанов зейнетақы қорының бір бөлігін алғаны үшін салынатын салық мемлекет экономикасына оң әсерін беретінін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр