Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Алматы облысында 5 адамнан тұратын отбасының үйінде өрт шығып, салдарынан отағасы көз жұмды. Ол әйелі мен кішкентай екі баласын өрттен құтқарамын деп, сыртқа алып шыққан. Алайда ересек ұлын алып шығуға шамасы жетпепті. Салдарынан екеуі де көз жұмған. 

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Сурет: Рушана Тохтахунова/Facebook

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қайғылы жағдай 5 қазанда Алматы облысы Еңбекшықазақ ауданы Бәйтерек аулында орын алған. 

Алматы облыстық ТЖД мәліметті растады. Оқиғадан кейін отағасы мен ұлы ауруханаға жеткізіліпті. Алайда оларды құтқару мүмкін болмаған. 6 қазанда екеуі де көз жұмды. 

Өрттен отанасы, екі жарым жасар ұлы мен бір жасар қызы аман қалды. 

«Бюджеті жоқ ауылдық әкімдік не істей алады? Жеке куәлігін қалпына келтіріп, құжаттармен көмектесіп, азық-түлік апарып берді. Оларға көмек жинауға тырысуда. Қара жамылған отбасымен бірге қайғыруда», - деп жазды Алматы облысының тұрғыны Рушана Тохтахунова Facebook желісінде.

Отбасының жағдайына бей-жай қарай алмаған тұрғындар оларға қажетті заттарды апарып беруде. Қазіргі уақытта отанасы екі баласымен бірге туыстарының үйінде тұрып жатыр.

Талқылау