Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды (видео)

Алматы облысында облыстық мәслихат депутаты ұлымен бірге 5,5 млн теңге пара бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды (видео)

Сот Артемов облыстық мәслихат депутаты, сонымен қатар «УМР-3» ЖШС басшарушысы болып тұрып ұлымен бірге Ауыл шаруашылық басқармасы басшысы Бекішовке 5,55 миллион теңге көлемінде пара берген. Осылайша, Талғар су торабын толықтай жөндеуден өткізу бойынша атқарылған жұмыстар актіне кедергісіз қол қойдырыпты.

Талдықорған қалалық соты Бекішевті пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ал депутат пен ұлының әрқайсысына 55,5 миллион теңгеден айыппұл жазасы кесілді. 

Сот айыппұл төлеу мерзімін бекітті. Айыппұл төленбеген жағдайда, жаза бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылады.

Сотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Еске сала кетсек, депутаттың ұлы мен басқарма басшысы 2018 жылдың қазан айында тұтқындалған. Мәслихат депутаты егде жасы мен денсаулығына байланысты тұтқындалмаған еді.

Талқылау