Алматы облысында дәріхана өкілдерінен пара алып, лицензия берген екі қызметкер ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы облысында Денсаулық сақтау министрлігінің екі қызметкері лицензия бергені үшін дәріхана өкілдерінен пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шенеуніктер кәсіпкерлерге фармацевтикалық қызметпен айналысуға рұқсат беріп, жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алған.
"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің департамент басшысы мен оның міндетін атқарушының жүйелі түрде пара алғаны әшкереленді", – деді агенттік.
Ведомство департамент қызметкерлері жүйелі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді және анықтауды жалғастырып жатқанын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген