Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ағасы інісін құтқармақ болған: Алматы облысында бір үйдің екі ұлы даладағы тоққа түсіп көз жұмды

Алматы облысында бір үйдің қос ұлын тоқ соғып, мерт болды. Өз аулаларында доп теуіп ойнаған екеуі құдыққа жалғанған моторлы су сорғыштың кабелін басып қалған.

toq_soqty

Әуелі құдыққа кішісі құласа, бауырын құтқармақ болған ағасы да тоққа түскен. Қара жамылған отбасының олар үш баладан кейінгі кенжелері екен. Оқыс оқиға Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылында болды. Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.  

Қазір қайғыдан қан жұтып отырған отбасы түгілі ауылдықтардың өзі ауыл маңына жолатпай отыр. Өйткені қаза болған екеуі бір әкенің қос жанары. Кішісі сегізде, үлкені 11 жаста болған екен.

Бүгін қос ұлының жер қойнына тапсырған отбасы мүшелері іште қайта-қайта талып қалып жатыр дейді көршілері. Кеше кешкі ас ішер уақытта осы өз үйлерінің ауласында ойнап жүрген балақайлар бүгін өмірде жоқ дегеніне ешкім сенбейді. Көршілері ұлдардың доптары есік алдында ашық жатқан құдыққа домалап кеткенін айтады. Кішісі соны аламын деп тоққа жалғанған су сорғыштың кабелін басып, тоқ ұрыпты. Жанындағы тереңдігі 70 см-дей құдыққа құлағанында, бауырын құтқарамын деген ағасы да, сымды баса бергенінде-ақ тоққа түсіп, сол жерде мерт болған. 

"Жер үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған екі бала электр сорғының тоғына соғылып, оқиға орнында көз жұмды. Баланың бірі 2008 жылғы, екіншісі 2011 жылғы. Олардың кішісі ойнап жүріп, құдықтың ішіндегі сорғының жалаңаш сымына құлап, тоққа түскен. Үлкені көмектесемін деп ол да тоққа түсіп, өкінішке қарай екі бала да мерт болды", - деді ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

Бірақ көршілері балалардың қараусыз қалатынына сенбейді. Өйткені әкелері ауылдағы мектеп мұғалімі, шешелері балабақша тәрбиешісі екен. Ата-анасы балалармен жұмыс істейтін жауапты мамандық иелері деп отыр. Сол күні де бәрі үйде болған. Әулетте бес перзент. Бұл екі оқушы ең кенжелері екен. 

"Жақсы отбасы. Сабақтан жақсы оқыған", - марқұмдардың көршісі. 

Ауыл жұрты егер Еңбекшіаралда су болса, жерді қазып, су сормас едік деп налыды. Сонда, жаңбырлы күні іштен сыртқа ешкім тоқ тартып, қиналмас еді дейді. Елді мекенде тәршілік нәрі болғанымен, жаңа көше тұрғындары әлі сусыз көрінеді. Бірақ шенеуніктер оның бәрін жоққа шығарды. Халық бау-бақша үшін құдық ұстайтынға ұқсайды. 

“Ауыл сумен қамтылған. Нақты қай жылы екенін айта алмаймын. Ауыл сумен қамтылған. Отбасыға әкімшілік тарапынан көмек көрсетілді”, - дейді Жамбыл ауданы аппаратының басшысы Абзал Нұрпейісов. 

Ал, қара жамылғандар әзірге мән-жайды ашып айтқысы жоқ. Тіпті, полицейлерге сот медициналық сараптама да жасатуға рұқсат бермепті. Бірақ, қылмыстық іс қозғалды дейді. Бір мезетте жан тапсырған бір үйдің қос ұлы ауыл шетіндегі бейітке жерленді. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр