Алматы облысында бала өзіне қол салмақ болған: Депутат Аймағамбетов жағдайға қатысты пікір білдірді
Мәжілісмен, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Алматыда бастауыш сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер Алматыда сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған төртінші сынып оқушысының өз-өзіне қол салмақ болған жағдай туралы депутатқа сұрақ қойды.
"Қазір комиссия жұмыс істеп жатқанын білемін. Егер бұл нәрсе расталса, онда қылмыстық кодекс бар. Бейтарап және нақты тергеу қажет, осы төтенше жағдайға кінәлі барлық адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылдау қажет", – деді Аймағамбетов.
Ол балалардың құқықтарын қорғау күрделі мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, психологтармен жұмыс жүргізілуі қажет.
Алматы облысында төртінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды. Кейін баланың анасы жаңа деректермен бөлісті.
Талқылау