Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әйел үш ер адамды өзін жабылып зорлады деп айыптады

Алматы облыстық полициясы 40 жастағы әйелді топпен зорлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында әйел үш ер адамды өзін жабылып зорлады деп айыптады

Оқиға 19 маусымда орын алған. 40 жастағы әйел Еңбекшықазақ аудандық полициясына шағымданып, өзінің зорланғанын айтқан. Ол күдіктілердің белгілерін сипаттап беріпті. 

Анықталғандай, жәбірленуші күдіктілердің бірімен таныс болған. Ол 1992 жылғы жергілікті тұрғын екен. Әйелдің сөзінше, оны Есік қаласындағы қонақ үйлердің бірінде зорлаған.

Полиция үш күдіктіні анықтап, екеуін тұтқындады. 

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Әзірге үшінші күдікті іздестіріліп жатыр. 
 

Талқылау