Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында әкесі 8 жасар ұлын аяусыз ұрып-соқты деп күдіктелді

Алматы облысы полицейлері 8 жасар баланың соққыға жығылған оқиғасын тексеруде. Іске қатысты баланың әкесі күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтағы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

8 жасар бала Есіктегі ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен түсті. Бала өзін әкесі ұрғанын айтқан.

Дәрігерлер дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, оқиғаны баяндады. Полицейлер баланың ата-анасына қатысты алдын ала тергеу жүргізді.

Полиция баланың Алматыдағы анасына бару үшін үйден қашып кеткенін анықтады.

Құқық қорғау органы баланың анасын және 49 жастағы әкесін тапты. Әкесінен  жауап алынды, қазір ол қолхатпен босатылды. Іс ерекше бақылауға алынады.

Анасы қазір ұлымен бірге ауруханаға жатыр.

Талқылау