Алматы метросында жолаушылардың артуына байланысты қосымша жылжымалы құрам қосылады
Алматы метрополитен желісіне қосымша жылжымалы құрам қосылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы метрополитені" КМК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты және халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында 2023 жылғы 13 ақпаннан бастап Алматы метрополитенінде қосымша жылжымалы құрам қосылады.
- Алматыда автобустар тапшы: Әкімдік жағдайды түсіндірді
- Астанада LRT құрылысы 2024 жылы аяқталады - Жеңіс Қасымбек
"Метро желісінде 10 құрам қызмет көрсетеді. Жаңа құрам қосылған соң қозғалыс аралығы қарбалас сәтте 6 минут 12 секундке дейін қысқарады. Электрлі жылжымалы құрамның қозғалыс кестесін жолаушылар "Алматы қаласының метрополитені" қосымшасынан көре алады", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылы екі жаңа станция қолданысқа беріліп, жолаушылар ағыны шамамен 2 есеге артып, 85 мыңға жетті. Қазір 938 адам сиятын 4 вагонды жылжымалы құрам қатынап жүр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген