Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы маңындағы полигонда шыққан өрт: Өрт сөндірушілерді бірден шақырмаған

Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіре алмай жатқанына екінші тәулік болды. Көптеген арнайы техника, тіпті, авицация тартылды. Алайда еш нәтиже жоқ. Ал өрттің себебі әлі де белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы маңындағы полигондағы өрт: Өрт сөндірушілердің бірден шақырмаған

Болжам бойынша, өрт аумағы шамамен 1 гектарды құрайды. Түтін минут сайын күшейіп келеді. Қазіргі уақытта аумаққа ешкім жіберілмей отыр. 

Өртке қарамастан, полигон бұрынғыша жұмыс істеп тұр. Полигон басшылығының сөзінше, өрт кеше күндізгі уақытта шыққан. Алайда өрт сөндірушілер түнде ғана шақырылыпты. 

«Өзіміз сөндіре аламыз деп ойладық. Бірінші кезекте, ауа райы жағдайы, жел әсер етті. Отызға жуық арнайы техника  жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде 10 шақтысы өзіміз. Қалғандары Қарасай ауданы, Алматы облысы, Алматы қаласы  келген өрт сөндіру қызметі. Жыл сайын болатын өрт.  Бірақ жыл сайын өшірілуде», - дейді Kaz Weste Conversion директоры Нұрланбек Иманбеков.

Өрт сөндіруге 100-ден аса құтқарушы, 11 өрт сөндіру көлігі, 16 жүкті өзі түсіретін көлік, 7 бульдозер жұмылдырылды. Бірнеше сағат бұрын өртті сөндіруге авиация да тартылды. 

Алайда жергілікті тұрғындар мұндай белсенділікке разы емес. Олардың сөзінше, өртті сөндірсе де, күйіктің иісі кетпейді. Ауыл тұрғындарының көбі үнемі басы ауыратынын айтады. Бұл жерде қоқыс үйіндісінің жатқанына 20 жылдан асыпты. 

«Кешеден бері күйіктің ісі шығып тұр. Қоқыс үйіндісі ауылға жақын орналасқан. Таңертең және кешке сұмдық сасық иіс шығады. Кешке балаларды үйден шығармаймыз. Осындай жағдай үшін көбі көшіп кетіп жатады. Кейбірі жергілікті билікке шағымдануда. Алайда әзірге еш нәтиже жоқ», - дейді тұрғындардың бірі Зейнеп Бүйентинова.

Қоқыс полигонының басшылығы мұндай айыптаулармен келіспеді. Олар қоқыс үйіндісіне улы заттар мен өнеркәсіп қалдықтарын қабылдамайтынын айтады. Тек пластик пен қағаздар өртеніп жатыр, сондықтан түтіннің адамдарға зияны жоқ, дейді. 

Ал өрттің неден шыққаны әлі анықталмапты. 

«Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне тапсырма бердім. Сондай-ақ, оқиға орнында «Қазгидромет» пен снаитарлық қызмет өкілдері жүр. Олар ауаның сынамасын алады. Содан кейін анық-қанығына көз жеткіземіз», - дейді ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

Құтқарушылар қоқыс үйіндісіне тағы 10 экскаватор мен 10 өздігінен жүк түсіретін көлік жіберуге уәде етті. Олар полигонды топырақпен толтыруға көмектеседі. Басты мақсат – өрттің тарауына жол бермеу.

Еске сала кетсек, 16 мамырда Алматы тұрғындары сасық иістен демалу мүмкін емес екенін айтқан еді. Артынша иісті жайлауына Алматы облысында қоқыс үйіндісінің өртенуі себеп болғаны хабарланды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр