Алматы көшелерінде қарумен жүрген азамат ұсталды

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қалада тапаншамен жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 11 қарашада сағат 22:00 шамасында болған. Кезекшінің пультіне Медеу ауданы көшелерінің бірінде қолында қару ұстап тұрған азаматтың байқалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бағдар алғаннан кейін әскери қызметшілер дереу ер адамды көрген ауданға бет алды.

Біраз уақыттан кейін ол Қонаев пен Мәметова көшелерінің қиылысында байқалған. Күдікті тәртіп сақшыларын көріп, жасырынуға тырысқан, бірақ қудалау кезінде ұсталды.

26 жастағы азаматтан екі газ тапаншасы және нөмірі соғылған (жоғалған) бір сигналдық тапанша тәркіленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр