БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда әйгілі дәмхана өртенді

Алматыда "Дегирмен" донер дәмханасынан өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Тengrinews.kz/"Территория происшествий"

Оқыс оқиға 20 маусым күні Алмалы ауданында болды. Өрт сөндірушілер хабар түскен соң 7 минуттан кейін оқиға орнына жетіп үлгерді. 

4 қабатты екі үйге жалғаса салынған дүңгіршектің шатыры өртенді. 

Өрт сағат 15: 40-да жойылды, ал өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына мангал мұржасында майлы қабаттың пайда болуы себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр