Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы дәрігерлері сүйек жұтып қойған әйелді аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйек жұтып қойған науқасты құтқарды. Қала тұрғыны қабылдау бөліміне тамақ пен іштің ауруына шағымданып келген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Төрт күн бұрын қала тұрғыны тамақ ішіп жатқанда сүйекті жұтып қойғанын айтты. Тексеру барысында дәрігерлер өңештің іш қуысының шырышты қабығында өткір сызықтық жыртылулардың пайда болғанын анықтаған. 

"Сүйек тамағыма кетіп қалғанда мен дереу біздің аудандық ауруханаға бардым, мені тек амбулаториялық емделуге жіберді. Тамағымның ауырғаны кетпей қойған соң жеке клиникаға бардым, олар мені облыстық ауруханаға жіберді", –  дейді науқас. 

Дәрігерлер ақылдаса келе, ағзаға хирургиялық пышақты тигізбей, эндоскопиялық емдеу жүргізіп, сүйекті шығару жеңілдей түсті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

"Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу мәселесі туындады өйткені шырышты қабықтың жарылуы болды және сүйек ағзада төрт күннен астам болды. Бірақ консилиум эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдады", – дейді клиникалық-диагностикалық бөлімінің дәрігері Данияр Қожантайұлы.

Қазір науқастан ауру белгілері байқалмайды, ол жақын күндері үйіне шығарылады.

Талқылау