БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы — Бішкек жолында қолына орақ ұстап алған "кемпір" жүргізушілерді таңғалдырды

Алматы — Бішкек жолында жүргізушілер қолына орақ ұстап алған "кемпірді" көрді. Бұл туралы  "ҚазАвтоЖол" ҰК-ға" сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Компания осы тәсіл арқылы жүргізушілерге жолда қауіпсіздікті сақтау керектігін айтқысы келген.Жол полиция қызметкерлері қолдарына жылдамдықты азайтуды білдіретін белгілерді ұстап алып, Алматы-Бішкек жолының бойына қатармен тұрған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шараның басты мақсаты — жолда болатын авариялардың салдары өлім санының қарқынды өсуіне алып келетінін көрсету, жүргізушінің мәдениетін арттыру. 

Жүргізуші жол ережесін менсінбесе, бей-жайлық танытқан жағдайда ең қайғылы оқиғалар орын алады. Ол осыны ұмытпауы тиіс. 

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, Алматы-Бішкек көшесінде 2018 жылы 171 ЖКО орын алған.  49 адам қайтыс болып,  280 адам жарақаттанған.  
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр