"Алматы Бас жоспары" директорының орынбасары сотталды
Алматыда Медеу аудандық соты "Алматы Бас жоспары" ЖШС бас директорының орынбасары Өмірәліұлына шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Ол алаяқтық жасап, жергілікті кәсіпкерді пара беруге итермелеген. Яғни жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерткені үшін қалалық жер қатынастары басқармасының лауазымды адамына 9,6 млн теңге берсін деген.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген