Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сіздермен диалогқа дайынмын": Алматы әкімі Сағынтаев желілерде аккаунттар ашты (видео)

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram, Facebook және Twitter бойынша әлеуметтік желілерге тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев қалалықтарға арнаған видеоүндеуінде қала тұрғындары алдында Алматы әкімі ретіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінетінін атап өтті.

«Алматы – әрбір қазақстандық үшін айрықша қала және оны бәріміз жақсы көреміз. Менің басты міндетім – әрбір алматылықтың лайықты өмір сүруі үшін Алматыны қауіпсіз, жайлы, заманауи мегаполиске айналдыру. Сіздердің барлық ұсынысыңыз бен тілегіңізге уақытылы үн қосу мен үшін аса маңызды. Мен қала проблемалары мен оны дамыту стратегиясын бірге әрі ашық талқылауды қалаймын. Қаланың миллиондаған тұрғынының тағдырына қатысты шешімдерді жасау мен қабылдауда сіздердің қолдауларыңыз мен үшін аса маңызды. Сіздермен диалогқа дайынмын!» - деді мегаполис әкімі.

Еске салсақ, 28 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі болып тағайындалды


Назарбаевтың орынбасары: Байбек Nur Otan-да жаңа қызметке тағайындалды
Талқылау