Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алмат Сақатов: Менің атымнан жалған топтар құрылып, ақша сұраса сенбеңіздер

Қазақстандық актер Алмат Сақатов көпшілікке алғысын айтты. Күні кеше жиенінің емі үшін халықтан қолдау сұраған еді. Енді бүгін тиісті қаражаттың жиналғанын айтты. Көпке алғысын айтып, енді ақша аудармауын сұрады. 

Алмат Сақатов туған жиенінің ауруға шалдыққанын, оның емі үшін қомақты қаражат керек екенін айтып көпшіліктен көмек сұрады. Амалсыздан халықтың көмегіне зәру болғаны жасырмады. Қуанышқа орай, тиісті қаражат бір күнде жиналған екен. 

"Құрметті достар, ағайын, көмек қолын созған барша жанға алғысымды айтамын. Маған жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын. Балаларыңыз ауырмасын. Қиын сәтте қол ұшын бергендеріңізге рахмет. Жиенімнің еміне қажет тиісті ақша жиналды. Енді ақша аудармай-ақ қойыңыздар. Маған артық ақша керек емес. Бастысы керек ақша жиналды. Бәріңізге алғысымды айтам. Осымен ақша аударуды тоқтатайық. Менің атымнан жалған топтар құрылып, ақша сұраса сенбеңіздер. Ол алаяқтардың ісі", - деді Алмат Сақатов.

"Шипа болсын, бауырым", - деп жазды Бейбіт Қорған.

"Қандай керемет жаңалық. Сізге де жұма қабыл болсын, аға. Жиеніңізге Алла шипасын беріп, тезірек жазылып кетсін", "Алла разы болсын, қазағымның бірлігі әрдайым берік болсын!", "Тас түскен жеріне ауыр демекші, анасына сабыр берсін", "Ассалаумағалейкум, Алмат аға! Жұма күнгі тілеген дұға- тілектеріңіз қабыл болсын!!!", "Ем болсын, тәуір болып кетсін жиеніңіз", "Жұма мүбәрак болсын. Алла шипасын берсін", "Алла тағала жар болсын!", деп жазды желі қолданушылары.


Талқылау