Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Емдік бұлақтар: Бизнесмендер алматылықтарға тегін демалыс орнын жасады

Алматыда Алма-Арасан емдік-термальды бұлақтарының айналасындағы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алма-Арасан термальды бұлағы мен «Арулар жасы» сарқырамасының айналысында қауіпсіз 6 өткел орналастырылып, бір баспалдақ жөндеуден өтті, сонымен қатар, жеңіл атлетикаға арналған орын құрастырылды. 

Жөндеу жұмыстарын Алматы қаласының туризм басқармасының қолдауымен Іле-Алатау ұлттық саябағы және кәсіпкерлер – Сергей Спицын және Меруерт Жұманова атқарған болатын. 

Алма-Арасанның 16 емдік бұлақтары 1931 ашылып, сол жылы емдік су орналасқан аймақ маңынан шипажай салынған. Бұлақ суының температурасы 39,7 градусқа дейін барады екен,  ал оның емдік қасиеттері тері ауруларына, артериалды қан қысымын төмендетіп, денсаулыққа оң әсер етеді.

Талқылау