Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мамамның баласымын": Өскенде анасын арқалайтынын айтқан Әуелбекованың ұлы жұртты сүйсіндірді (видео)

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын арқалап жүрген видеосын бөлісті. Жұлдыз аталған видеода ұлына бірнеше сұрақ қойған-ды. Кішкене бүлдіршіннің жауабы желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мөлдір Әуелбекова

«Жұма мүбәрак болсын! Бала көргенін істейді. Балаңнан бұрын өзіңді тәрбиеле. Құлыным менің. Алла әр келіншекке ана бақытын сезініп, баласын осылай арқалап жүруді нәсіп етсін. Атасынан ұят болды», - деп жазды ол видеоның тұсына. 

Аталған видеода әнші ұлына «Ботам, сен мені кейін осылай арқалап жүресің, иә? Қазір мен сені арқалап жүрмін, сосын кейін сен мені арқалап жүресің, иә?» деп сұрақ қояды. Аталған сауалдардың бәріне әншінің ұлы «Иә» деп жауап береді.

 

Мұнымен қатар, ол «Қайда келдің?» деген сұраққа «Алланың үйіне» деп жауап қайырады. Мамасының баласы екенін айтып күлдірген сәті де болды.

Желі қолданушылары өз кезегінде әншінің ұлына ерекше сүйсінгенін жарыса жазып жатыр. 

Талқылау