"Алып кетуді өтіндік": Балабақша да Мәншүктің мүсінінен бас тартты

Семейдің «Ажар» балабақшасында кенеттен пайда болған Мәншүк Мәметованың ағаш мүсіні туралы сол орынның қызметкерлері айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BaigeNews.kz сайына сілтеме жасап. 

Мәншүк

Мәншүктің мүсіні саябақтан әкелініпті. Балабақша қызметкерлеріне ешнәрсе айтпай, дүйсенбі күні мекеме аумағында орналыстырылған.   

Таңертең балабақшаға келген тәрбиешілер де, ата-аналар да, бүлдіршіндер де батырдың мүсінін көріп таңқалған. Айтуларынша, мүсін о бастан ешкімнің көңілінен шықпаған, ең қызығы, оны безендіру үшін қолданылған түрлі-түсті бояу мүсіннің келбетін ашпаған көрінеді. 

«Біз мүінді алып кетуді өтіндік. Балабақша аумағында басқа да ағаштан жасалған бейнелер жетерлік. Олардың көбі ертегі кейіпкерлері, сондықтан балалар мұндай мүсіндерді ұнатады. Ал Мәншүкті балалар әлі танымайды», - деді балабақша директоры Жанар Сейсембаева. 

Сөзінше, мүсін балаларды қорқытқаннан емес, оның балабақша аумағына сәйкес келмеуінен бас тартқан. Бұған қоса мүсіннің авторларының бірі Мәншүктің ағаш бейнесін 4 қараша күні алып кеткен.  

Естеріңізге сала кетейік, батыр қыздың ағаш мүсіні қала тұрғындарына да, әлеуметтік желі қолданушыларына да ұнамаған болатын. Мұны  байқаған қала әкімшілігі ағаш ескерткішті саябақтан алып, оны басқа жерге енді орналастырмайтындығын айтқан. Дегенмен, Мәншүк Мәметованың халықтың сынына ұшыраған бұл мүсіні «Ажар» балабақшасынан бірақ шыққан.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қожамжаров Мәнізоров ісінің тоқтатылуына қатысты айтты

Қожамжаров: Мен прокуратура органдарымен келісемін

Қар барысы туралы қызықты деректер

Қар барыстары адамдарға бірінші болып шабуылдамайды

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

"Moody's" халықаралық рейтингтік агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады.

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған
Çàãðóçêà...